Қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберген

15 желтоқсан, 2024 / Алуа Арман
Абай облыстық полиция департаменті
Зардап шеккендер жоқ

Алматы-Өскемен тас жолының Абай облысы аумағындағы учаскеде қатты соққан жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді.

"Алматы – Өскемен тасжолының 938-шақырымында қатты соққан желдің екпіні Mercedes-Benz Atego жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді. Зардап шеккен ешкім жоқ. Сол жерге дереу полиция мен шұғыл қызмет өкілдері жетті", – делінген хабарламада. 

Тэгтер:

Жүк көлігі жел