Жамбыл облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Зардап шеккендер жоқ
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді.
Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы Сайн көшесінің бойындағы бір қабатты қоғамдық моншаның шатырында өрт шықты.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында оттың таралуына жол берілмей, 320 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толығымен сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.