Жаңалықтар

Көктайғақ, бұрқасын: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

istockphoto.com

Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және орталығында бұрқасын, көктайғақ, тұман, сондай-ақ қатты жел болжанып отыр.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз облыстың басым бөлігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Алматы қ.: 15 желтоқсанда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Қарағанды облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, бұрқасын. Түнде және таңерең облыстың оңтүстігінде тұман.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, облыстың орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, бұрқасын.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, күндіз солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының солтүстік бөлігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20,

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Астана қ.: 15 желтоқсанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.