Жаңалықтар

Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды

istockphoto.com

Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде

Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшыны абайсызда техника басып кетіп, қайғылы жағдай болды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкелу» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаға кінәлі техника жүргізушісі полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде.