Қоғам

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

istockphoto.com

Жолды 2024 жылғы 15 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің екі өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады ҚазАвтожол.

Қарағанды облысы:

2024 жылғы 14 желтоқсанда сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1353-1426 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Ақмола облысы:

2024 жылғы 14 желтоқсанда сағат 20:00-де Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1291-1353 шақырым аралығында (Жібек Жолы төламқы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2024 жылғы 15 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.