Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Ертең ауа райы қандай болады?
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз облыстың басым бөлігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
Алматыда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Қарағанды облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ, бұрқасын. Түнде және таңерең облыстың оңтүстігінде тұман.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, облыстың орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, бұрқасын.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, күндіз солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. Облыстың солтүстік бөлігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Астанада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.