Садриддин Ахмедов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді
Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған, десе де 7-раундта қазақ бокшысының мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды
Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Садриддин Ахмедов (15-0, 12 KO) кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтады.
1bol.kz мәліметінше, ол АҚШ-тың Санта-Инез қаласында өткен Hollywood Fight Nights бокс кешінде америкалық боксшы Рафаэль Игбоквемен (17-6, 7 КО) жұдырықтасты. Турнирді Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер ұйымдастырған болатын.
Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Бірақ 7-раундта қазақ бокшысының мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды.