Спорт

Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан құрамасының еншісінде әзірге үш медаль бар

Қазақстандық Артем Антропов Бахрейннің Манама қаласында өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, ол 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады.

“Жұлқа көтеру” жаттығуында Антропов 170 келі, ал “Серпе көтеруде” 230 келі салмақты еңсерді. Жалпы есепте ол 400 келі салмақты көтерді.

Екінші орынды Катар елінің өкілі Ибрахим Фарес Эльбах алды — 399 (174+225) кг. Ал үшінші орын испаниялық Маркос Руис Веласкоға бұйырды — 395 (183+212) кг.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде әзірге үш медаль бар. Бұған дейін Алексей Чуркин 81 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алса, Нұрғиса Әділетұлы (96 келіге дейін) әлем чемпионы атанған еді.