Қамауға алынған Қаржаубай Нұрымов жұбайымен кездесті
Бүгін оның әйелі Гүлбарам Бишімбиева Қонаев қаласына барған.
Гүлбарам Бишімбиева қамауға алынған күйеуінің жағдайы жайлы айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін мен адвокаттармен Қонаевқа Қаржаубайды көруге келдім. Заңды түрде бізді кездестіруге рұқсат берді. Үйден ыстық тамақ, жылы киімдер алып келдім. Жағдайы жақсы, денесінде ешқандай жарақат жоқ. Менің көзімше киімдерін ауыстырып алды. Өзі де жағдайына қатысты «бәрі жақсы» деп айтты. Өз көзіммен көрдім. Қаржаубайда бәрі жақсы», — деді Гүлбарам Бишімбиева.