Жаңалықтар

Алдағы үш күнде ауа-райы күрт суытады

istockphoto.com

Синоптиктер 14-16 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамын ұсынды.

Қазақстанның басымбөлігінде солтүстік және оңтүстік циклон байқалады, деп хабарлайды turkystan.kz.

14-15 желтоқсан күндері жаңбыр мен қар жауады. 16 желтоқсанда қар жауады. Шығыс, оңтүстік-шығыста қалың қар түседі деп күтіліп отыр. Республика бойынша көктайғақ, боран болып, тұман түседі, жел күшейеді.

«Елдің солтүстік-батысында ауа температурасы түнде 10-18 градусқа, солтүстік пен орталықта 15-25 градусқа, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 10-17 градусқа, таулы аймақтарда 20-27 градусқа дейін түседі, аяз болады», - делінген хабарламада.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның биылғы қысына болжам жасаған болатын. Болжамға сәйкес жауын-шашын көп жылдық нормадан жоғары болмақ.