Мереке күндері іске қосылатын қосымша теміржол пойыздарының тізімі
Теміржол билеттерінің құны өзгеріссіз қалады, тариф өспейді.
Мерекеге орай туындайтын жоғары сұранысты қанағаттандыру үшін 2024 жылғы 13 желтоқсан мен 2025 жылғы 9 қаңтар аралығында қосымша теміржол пойыздары іске қосылады.
Бұл пойыздар қосымша 43 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.
Қосымша рейстер келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
№201/202 «Астана – Алматы» пойызы:
Астанадан: 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсанда және 1, 4 қаңтар 2025 жыл.
Алматыдан: 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2, 5 қаңтар 2025 жыл.
№203/204 «Астана – Шымкент» пойызы:
Астанадан: 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 1, 4 қаңтар 2025 жыл.
Шымкенттен: 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 2, 5 қаңтар 2025 жыл.
№205/206 «Ақтөбе – Астана» пойызы:
Ақтөбеден: 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан және 1, 4 қаңтар 2025 жыл.
Астанадан: 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 3, 6 қаңтар 2025 жыл.
Одан бөлек мереке күндері жоғары сұранысқа ие бағыттарға 688 қосымша вагон тіркеледі. Пойыздар стандартты купе және плацкарт вагондарынан құралады.
Аймақтар бойынша қосымша вагондар:
Солтүстік өңірі: 279 вагон – 12 188 орын.
Батыс өңірі: 298 вагон – 12 824 орын.
Оңтүстік өңірі: 96 вагон – 4 256 орын.
2024 жылғы 13 желтоқсаннан бастап қаламаңы бағытында 6 вагон бойынша 3 қосымша электр пойызы іске қосылып, 1 123 қосымша орын қамтамасыз етіледі:
№7515/7516 «Астана – Бурабай курорты» күн сайын (сейсенбі және сәрсенбіден басқа).
№7553/6811–6812/7556 «Қарағанды – Астана – Боровое курорты» жұма, сенбі және жексенбі күндері.
№7509/6805–6806/7510 «Павлодар – Астана – Боровое курорты» аптасына екі рет: жұма және жексенбі күндері.
️Қосымша пойыздар мен вагондар жолаушыларға қолжетімді орын санын едәуір арттырып, жайлы және қауіпсіз сапарды қамтамасыз етеді. Билеттер bilet.railways.kz сайтында және вокзалдардың билет кассаларында қолжетімді. Теміржол билеттерінің құны еш өзгеріссіз қала береді, тариф өспейді.