Димаш - Азияның ең танымал әншісі

Димаш - Азияның ең танымал әншісі

Димаш - Азияның ең танымал әншісі
ашық дереккөзі
24-кезекті «China Top music Awards» шарасы қытайдың Шанхай қаласы Mercedes Benz Arena-сында өтіп, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шараның «Азияның ең танымал әншісі» (Best Asia popularsinger) номинациясы бойынша марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қытайлық Грэмми кешінде Димаш өзін барша әлемге танымал болуына себепкер, әлемде ең қиын бес әннің бірі саналатын француздың «SOS d'un terrien endétresse» әнін шырқап, көпшіліктің көңілінен шықты. Бұған дейін Димаш шараның қызыл кілемінен өтіп, жанкүйерлерінің ыстық ықыласына бөленген болатын. Айте кетерлігі, «China Top music Awards» - 1994 жылдан бері Азия елдеріндегі ең танымал әншілердің басын қосатын ұлкен мерекелік шара. Бұл күнде ол Қытай музыкалық қоғамдастығындағы ең айтулы оқиғалардың бірі саналады. Сонымен қатар осы сыйлықты «қытайлық Грэмми» деп те атайды.