«Допинг табылған»: Қазақстандық Азия чемпионы бокстан шеттетілді
Дамир Тойбай 2018 жылы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алған.
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) қазақстандық спортшы Дамир Тойбайды екі жылға жарыстардан шеттету туралы шешім қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz msports.kz сайтына сілтеме жасап.
Спортшыны шеттетуге себеп – антидопингтік ережелерді бұзуы. Халықаралық допингке тестілеу агенттігінің (ITA) есебіне сәйкес, Тойбай өзінің орналасқан жері туралы міндетті ақпаратты ұсынбаған, бұл антидопингтік ережелерді қатаң бұзу болып саналады.
IBA боксшыны 2026 жылдың 5 маусымына дейін спорттан шеттету туралы шешім шығарды.
Дамир Тойбай 2018 жылы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алған, ал 2019 жылы жастар арасындағы Азия чемпионы атанған еді.