Қазақстандық оқушылар IJSO олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды

12 желтоқсан, 2024 / Інжу Әлихан
Оқу-ағарту министрлігі
Білім сайысына әлемнің 60 елінен 360-тан астам оқушы қатысты.

Бухарестте XXI Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO) аяқталды. Бұл беделді білім сайысына әлемнің 60 елінен 360-тан астам оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндері бойынша өз білімдерін көрсетті.

Қазақстан құрамасында алты оқушы болды. Сайыс қорытындысы бойынша біздің оқушылар 100% нәтиже көрсетіп, алты медаль жеңіп алды:

Команда жетекшілері:

Анықтама:

IJSO - 15 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған халықаралық ғылыми сайыс. Бұл олимпиада 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. 2023 жылы Бангкокта өткен жарыста Қазақстан құрамасының барлық алты қатысушысы жүлдегер атанған болатын. Биыл да оқушылар Астанада екі апталық оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, ел намысын абыроймен қорғады.

Тэгтер:

Медаль оқушылар Халықаралық олимпиада