«Құттықтау қабылдаймыз»: Төреғали Төреәлінің қарындасы сүйінші жаңалығын бөлісті
Ол әлеуметтік желіде перзентханадан фото бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады.
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің екінші қарындасы Дина Төреәлінің екінші рет сәбилі болғанын мәлім етті.
Ол әлеуметтік желіде перзентханадан фото бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады.
«Қош келдің өмірге, балапаным. Көп күттірмей Аллам тағы да ата-ана атануды нәсіп етіпті. Тілеп, күтіп жүрген барша жанға жұғысты болсын! Құттықтауларыңызды қабылдаймыз. Көп тілеуі қабыл балапанымызға жақсы тілектеріңізді жаза кетіңіздер», - деп жазды Дина Төреәлі.
Ол оқырмандарға қуанышты жаңалықты жария еткенімен, сәбиінің жынысын әлі хабарлаған жоқ.