Гандболдан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында қола медаль алды
Қазақстандықтар 28:22 есебімен жеңіске жетті.
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Дели (Үндістан) қаласында өткен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
Үшінші орын үшін өткен матчта отандастарымыз Иран құрамасымен кездесті.
Қазақстандықтар 28:22 есебімен жеңіске жетті.
Ал финалда Жапония құрамасы Оңтүстік Кореяны 25:24 есебімен жеңіп, чемпион атанды.