Астанаға аймақтардан қосымша пойыздар қатынайды

Астанаға аймақтардан қосымша пойыздар қатынайды

Астанаға аймақтардан қосымша пойыздар қатынайды
ашық дереккөзі
Алдағы жаз айларында Астанаға аймақтардан қосымша 14 жолаушылар пойызы қатынайды,  – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Яғни, EXPO көрмесі аясында Атырау, Маңғышлақ, Орал, Шымкент және тағы да бірнеше қаладан елордаға тікелей баратын пойыз саны көбейеді. Бұл жөнінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі департамент жетекшісі Меруерт Ибраева мәлімдеді. Оның айтуынша, жоғарыдағы өзгерістерге байланысты Астана вокзалына аймақтардан келетін пойыз саны 44-тен 58-ге дейін артады. Бұған қоса Орталық коммуникациялар қызметінде болған брифингте көлік салығынан жалтарғандар жөнінде айтылды. Мәселен, Алматының өзінде өткен жылы оның саны 150 мыңға жуықтаған. Ал төленбеген салықтың көлемі 6 млрд теңгеден асады. «Бұл қаржыға бірнеше әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға болады. Ал, салықты төлеуден қашып жүргендер үлкен кедергі жасауда. 6,2 млрд теңге бір қала үшін өте үлкен қаражат», – дейді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті директорының міндетін атқарушы Жамбыл Сұрағанов.