Жаңалықтар

Қарағанды облысында жолда қалған 53 жолаушы мешітке орналастырылды

Сурет: www.istockphoto.com

Оларға полиция қызметкерлері көмекке келді.

Қарағандылық полицейлер жолда қалған жолаушыларға көмектесті, деп хабарлады turkystan.kz. Көршілес мемлекетке бағыт алып бара жатқан қоғамдық көліктен ақау шығып, Сарышаған кентіне кіре берісте істен шыққан. "Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аталған көліктің иесіне қол ұшын беріп, ішіндегі 53 жолаушыларды кенттің мешітіне орналастырды. Ал көмекке келген екінші экипаж қоғамдық көлікті жөндеуге көмектесуде. Полицейлер көлік жүргізушілерден алыс жолға шығарда көлік құралдарының жолға жарамдылығына көз жеткізіп, техникалық ахау болған жағдайда алыс жолға шықпауға кеңес береді", — деп жазылған ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.