Спорт

Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті

ҰОК

63 кг салмақ дәрежесіндегі финалда Аида Әбікеева вьетнамдық Лин Ха Тхимен жұдырықтасты.

Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатында Аида Әбікеева финалда жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.

63 кг салмақ дәрежесіндегі финалда Аида Әбікеева вьетнамдық Лин Ха Тхимен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (5:0).

Бұл – Қазақстан құрамасы үшін 2024 жылғы Азия біріншілігіндегі екінші алтын медаль. Осыған дейін Виктория Графеева 60 кг салмақ дәрежесіндегі финалда Қытай өкілі Ли Цяньді жеңіп, Азия чемпионы атанған еді.