Жаңалықтар

Атырауда көпірден секірмек болған 17 жастағы жасөспірім құтқарылды (ВИДЕО)

скриншот

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері жасөспіріммен сөйлесіп, оны бұл ойынан айнытты.

9 желтоқсан күні Атырауда Берғалиев көшесіндегі көпірде 17 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Atyrau ONLINE телеграм каналына сілтеме жасап.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері жасөспіріммен сөйлесіп, оны бұл ойынан айнытты.

«Қазіргі уақытта жасөспірімнің мұндай әрекетке баруына себеп болған жағдайлар анықталып жатыр. Тергеу басталды», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Тәртіп сақшыларының жеделдігі мен кәсібилігі қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді.