Жаңалықтар

Рудныйда жол апатынан соң, автобус жүргізушісі өз-өзіне қол жұмсады

Фото: pixabay.com

Оқиға автовокзал маңында болған

Бұл ақпаратты Қостанай облысының полиция департаменті растады. 

– Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша істің мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілуде. 7 желтоқсанда пәтерден 62 жастағы ер адамның мәйіті табылды, ол адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасын жасаған. Марқұм өзін-өзі асу арқылы өлтірді деген болжам бар, - дейді құқық қорғау органдары.

Оқиға автовокзал маңында болған. Автобус жүргізушісі солға бұрылып бара жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен, жәбірленуші оқиға орнында қаза тапты.