Таразда тағы бір келіншекті үйінде өлтіріп кетті
Қылмыстық іс қозғалды.
Тараздағы пәтерлердің бірінен әйел адамның мәйіті табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық іздері болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Марқұмның мәйітін әріптесі тапқан.
«Ол әріптесінің жұмысқа неге шықпай жүргенін, неге қоңырауға жауап бермейтінін сұрау үшін келген. Есікті ешкім ашпаған», - делінген хабарламада.
Бірақ пәтерден жағымсыз иіс шығып тұрған. Сондықтан ол полиция шақырған.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары басынан соққы алған әйелдің мәйітін тапты.
«Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін Тараздағы пәтерлердің бірінен кісі қолынан қаза тапқан екі әйелдің мәйіті табылған болатын.