Ерекше балаларды оқытпаған мұғалімдер 4,5 млн теңгені заңсыз алған
Прокуратура инклюзивті білім беру жүйесіндегі негізсіз төлемдерді анықтады.
Алматы облысының прокуратурасы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында инклюзивті оқыту мәселесі бойынша Білім басқармасында тексеріс жүргізді.
Тексеріс барысында ерекше білім беруді қажет ететін 55 баланы оқытуға жауапты мұғалімдерге стационарлық емделу кезінде негізсіз төлемақы тағайындалған.
Мемлекет бюджетінен негізсіз жұмсалған 4,5 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды.
Заңнамаға сәйкес кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Алматы облысының прокуратурасымен жұмыс жалғастырылуда және инклюзивті оқыту стандарттарын сақтау мен мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану әр балаға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің маңызды шарты екенін еске салады.