Тәуелсіздік күніне орай Астанада отшашу бола ма?

9 желтоқсан, 2024 / Інжу Әлихан
istockphoto.com
Тәуелсіздік күніне орай Астанада 50-ден астам түрлі мерекелік және ресми іс-шара өтеді.

Тәуелсіздік күніне орай Астанада отшашу болмайды. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.

«Тәуелсіздік күніне орай Астанада 50-ден астам түрлі мерекелік және ресми іс-шара өтеді. Оның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спартакиадалар сияқты іс-шаралар бар. Отшашу болмайды», - делінген әкімдік хабарламасында.

Әдетте, бұл мерекеде дәстүрлі түрде демеушілердің ақшасына отшашу ұйымдастырылатын.

Тэгтер:

Астана Тәуелсіздік күні Отшашу