Алматы қаласында жаңа көпір ашылды
Жаңа көпірдің ұзындығы 33 метр, ескісі 16,8 метр болған.
Жетісу ауданының Кемел ықшамауданындағы көпір Алматы мен облысты байланыстырады. Қазір қалпына келтірілген автомобиль көпірінде көлік жүре бастады.
Жаңа көпірдің ұзындығы 33 метр, ескісі 16,8 метр болған. Ені де 8,5-тен 14,5 метрге ұлғайтылған. Екі жағында 1,5 метрлік жаяу жүргінші жолы бар.
Алайда жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру және көпірден кейінгі жолды асфальттау жұмыстары әлі аяқталмаған.
Әкімдіктің мәлімдеуінше, бұл мәселе жақын арада шешіледі.