Астаналық азамат басқа жігітке қыздың атынан жазып, ақша алып отырған
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Астанада Криминалдық полиция қызметкерлері 37 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Күдікті Instagram әлеуметтік желісіне бір қыздың атынан жалған аккаунт ашып, қыздың суреттерін жүктеп, оның таныс жігітіне хат жазған. Уақыт өте келе күдікті жігіттен ақша сұрай бастаған. Бастапқыда 15-20 мың алып, өз қажетіне жұмсап отырған. 100 мың сұраған кезінде жәбірленуші жігіт күдіктеніп, ақшаны кімге салып жатқанын тексерген. Ақша салған карта нөмірі бойжеткенге тиесілі болмай шыққан. Өзінің алданғанын түсінгенде полицияға жүгінген», - деді Астана қаласының Полиция департаменті.
Күдікті істеген ісін мойындады. Алған ақшаны жұмсап тастаған.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.