Қазақстанда ұрлық-қарлық азайған
Прокуратура статистиканы жариялады.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, биылғы жылдың 11 айында ұрлық саны 40 458-ден 29 089-ға дейін азайған.
Ұрлықтың ең көбі Алматы және Астана қалаларында (6 675/3 727) ең азы Манғыстау және Ұлытау облыстарында тіркелген (396/298).
Ұялы телефондар ұрлығы -31,2%-ғатөмендеді (10 051-ден 6 919-ға дейін).
Ұялы телефондар ұрлығының еңкөбі Алматыда – 1 989 және Астанада – 669, ең азы Ұлытау облысында – 54.
Автокөлік ұрлығы -46,1%-ға, яғни 256-дан 138-ге дейін төмендеген.
Пәтер ұрлығы бойынша да қылмыстың-33,7%-ға, яғни 3 398-ден 2 252-ге дейін төмендеу динамикасы байқалады.
Сондай-ақ, мал ұрлығы -30,3%-ға яғни 1 432-ден 998-ге дейін зайған.
Мал ұрлығы фактілерінің ең көбі Алматы-194, Абай – 126, Түркістан – 114, Жетісу – 97; облыстарында тіркелген.