Ақтаудағы хайуанаттар бағында жануарларды ұстауға қатысты тергеу жүргізіледі
Жануарлардың хайуанаттар бағындағы видеосы тараған болатын.
Маңғыстаудың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Ақтаудағы жылжымалы хайуанаттар бағында жануарларды ұстау шарттары мәселесін бақылауына алды.
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының мамандарын тарта отырып, тексеру жүргізу туралы тапсырма жіберді.
«Қолда бар қосымша ақпарат бойынша еріктілер аталған ұйымдармен байланыса алады. Бұл мәселені табиғат қорғау прокуратурасы бақылауға алды», – деп хабарлады ведомстводан.
Жануарлардың хайуанаттар бағындағы видеосы тараған болатын.