Жаңалықтар

Кәсіпорындар 19 мың адамның 4,4 млрд теңге жалақысын төлемеген

istockphoto.com

Республиканың кәсіпорындары 19 мыңға жуық адамның жалақысын төлемей келген.

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 277 кәсіпорны 18,7 мың жұмыскерге берешек екенін анықтады. Төленбеген жалақы сомасы 4,4 млрд теңге.

Түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 7,5 мыңнан аса еңбек құқығының бұзылу фактісі анықталды.

Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына 50,3 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

17,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 3,4 млрд теңге төленді.