Оралда шетелдіктер ұйымдастырған есірткі зертханасы жойылды

9 желтоқсан, 2024 / Админ
polisia.kz
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Орал қаласында интимдік қызмет көрсетумен және есірткі заттарын таратумен айналысқан 36 жастағы әйел ұсталды.

Сонымен қатар жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі шетелдік азамат ұйымдастырған есірткі зертханасы жойылды.

Жалға алынған үйді тінту барысында синтетикалық есірткі өндіруге арналған жабдық және сатуға дайын 9 килограмм мефедрон тәркіленді.

27 мыңнан астам бір реттік доза айналымға жіберілмеді.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Тэгтер:

Есірткі