"Севоль" паромы су бетіне шығарылды

"Севоль" паромы су бетіне шығарылды

"Севоль" паромы су бетіне шығарылды
ашық дереккөзі
Оңтүстік Кореяда 2014 жылы апатқа ұшыраған «Севоль» паромы су бетіне шығарылып, тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, «Севоль» паромының қаңқасынан ешқандай соққы белгілері байқалмаған. Бұған дейін мамандар кеме су астында қатты затқа соғылып, зақымдануы мүмкін деген болжам жасаған болатын. Қазір тұңғиықтан шығарылған «Севоль» жүк тасымалдағыш су көлігіне тиелді. Алдағы 3-4 күн ішінде ондағы жанармай мен қалдық су төгіліп, Мокпхо портына жеткізілуі тиіс. Ал апат болған аймаққа сүңгуірлер түсіп, паром жатқан жерді зерттейді және әлі күнге дейін табылмаған адамдарды іздейді. Еске сала кетейік, «Севоль» паромы 2014 жылдың 16 сәуірінде суға батып кеткен болатын. Апаттан 295 адам қаза тапты. Олардың дені 15 пен 19 жас аралығындағы мектеп оқушылары. Оқыс оқиғадан кейін 9 адам із-түзсіз жоғалып кетті.