Атырау облысында 84 киіктің өлексесі табылды

8 желтоқсан, 2024 / Алуа Арман
aikyn.kz
Аудан әкімдігі түз жануарларының қырылуына пастереллез ауруы себеп болғанын хабарлады

Атырау облысының Құрманғазин ауданында 84 бас киік өлексесі табылды.

Ulysmedia.kz мәліметінше, аудан әкімдігі түз жануарларының қырылуына пастереллез ауруы себеп болғанын хабарлады.

«Охотзоопром» мамандары ветеринарлық қызметпен бірлесіп, қалдықтарды жинап, кәдеге жаратты. Анықтау орындарын дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

«Мәселе аудан әкімдігінің бақылауында, өлекселер қалған жоқ», - деп атап өтті әкімдіктегілер.

Тэгтер:

Киік Атырау облысы