Жаңалықтар

Алматы облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

istockphoto.com

Жолды 2024 жылғы 9 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған

Алматы облысында ауа райының бұзылуына байланысты Алма-Тау турбазасына кіреберіс республикалық автожолында учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.

«2024 жылғы 8 желтоқсанда сағат 03:00-де Алматы облысында ауа райының бұзылуына байланысты “Алма-Тау турбазасына кіреберіс” республикалық автожолының 0-15 шақырым аралығындағы (Тұздыбастау ауылынан Бесқайнар ауылына дейін) учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады», - делінген хабарламада.

Жолды 2024 жылғы 9 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.