Алматыда ер адам өз көлігінің астына түсіп, қаза болды
Қазір жол апаты орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр
Zakon.kz мәліметінше, қайғылы оқиға Мұстафа Шоқай көшесі маңындағы тар жолдардың бірінде болған. Жергілікті тұрғын көлікпен үйіне қайтып бара жатқан, салонда ұйықтап жатқан бес жасар баласы болған.
"Тікке, биікке қарай көтерілу кезінде үйіне бірнеше ондаған метр жетпей, оның алдынан өзге көлік шығады. Жол тар болғандықтан, қос көліктің қатар өтуі қиын, сондықтан ер адам тоқтап, келе жатқан көлікке жол бермекші болады", - дейді Zakon.kz тілшісі оқиға орнынан.
Жүк тиелген ГАЗель төмен ылдилап қоя бермесі үшін жүргізуші тежегіш тартқышын тартып, көліктен түседі. Сөйтіп артқы дөңгелектердің астына бірдеңе қоймақ болғанда ол үлгермей қалады. Көлік артқа жүріп кетіп, иесін басады. Бұл кезде келесі көлік бұрылмақ болғанда, бір жағына қарай аударылып қала жаздайды.
Оқиға куәгерлері дәрігерлерді шақырып, баланы салоннан алып шыққан. 1988 жылғы ер адам алған жарақаты салдарынан жедел жәрдем көлігі келгенге дейін оқиға орнында жан тапсырды.
Қазір жол апаты орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.