Бес балалы ана Әйгерім Сәттібаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

7 желтоқсан, 2024 / Алуа Арман
t.me/olimpicgames_Kazteamfan
Бұл – оның спорттық жолындағы Азия чемпионатында алған екінші қола медалі

Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында  Әйгерім Сәттібаева Өзбекстан спортшысы Феруза Казаковамен жұдырықтасты. 

Тартысты өткен айқас 1:4 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді.

Осылайша, ұзақ жылғы үзілістен кейін спортқа қайта оралған бес баланың анасы, белгілі боксшы Олжас Сәттібаевтың зайыбы Әйгерім қола жүлдені қанағат тұтты. Бұл – оның спорттық жолындағы Азия чемпионатында алған екінші қола медалі.

Тэгтер:

Азия чемпионаты