Азия чемпионаты: Жартылай финалда ел намысын кімдер қорғайды?
19 боксшымыз жартылай финалда өнер көрсетеді
7 желтоқсанда бокстан Азия чемпионатының жартылай финалдық бәсекелердің бірінші күні өтеді. Қазақстан құрамасының 19 боксшысы жартылай финалда өнер көрсетеді.
Ерлер құрамасында Санжар Тәшкенбай (48 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Бекзат Нұрдәулетов (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг) және Айбек Оралбай (92+ кг) жартылайға финалға өтті.
Әйелдер арасында Айгерім Сатыбаева (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Милана Сафронова (66 кг), Наталья Богданова (70 кг), Диана Магауияева (75 кг) және Гүлсая Ержан (81 кг) бар. Ал 81+ келі салмақтағы Елдана Тәліпова бірден финалдан бастап өнер көрсетеді.