Рудныйда кәріз құдығынан адамның денесі табылды
Қазіргі уақытта марқұмның кім екені белгісіз
Рудныйдағы кәріз құдығынан ер адамның мәйіті табылды. Бұл жерде қоқыс жанғаны анықталды, деп хабарлайды Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта марқұмның кім екені белгісіз.
Тәртіп сақшылары осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, қажетті шаралар жүргізілуде. Барлық мән-жай анықталып жатыр, - делінген хабарламада.