Күдіктілер төменгі курс студенттерінен күш қолданып, қорқытып, ақша талап еткені анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстың барлық мән-жайларын анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.