Қазақстанда жаңа мерекелер пайда болады

6 желтоқсан, 2024 / Өтей Торғайұлы
Сурет: istockphoto.com
Елімізде 8 жаңа кәсіби мереке пайда болады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді көздейтін  бұйрық жобасын дайындады. Құжат «Ашық НҚА» порталында орналастырылған және 2024 жылдың 23 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылау үшін қолжетімді болады, деп хабарлады turkystan.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң бұйрығының жобасында кәсiптiк мерекелердiң тiзбесiн мынадай күндермен толықтыру көзделген:

Сонымен қатар, бұл мерекелер Үкіметтің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 668 қаулысымен бекітілгендіктен Ұлттық баспасөз күні мен Радио күнін бұл тізімнен алып тастау жоспарланып жатыр.

«Жаңа кәсіби мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарды тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдар көтерді», деп түсіндірді министрлік.

Бұйрық жобасымен сілтеме арқылы танысуға болады.

Тэгтер:

Қазақстан мереке