«Шаршадым»: Сәкен Майғазиев оқырмандарын ойландырып қойды
Сәкен Майғазиев қиналып жүрген көпшілікке ақыл айтты.
Танымал әнші Сәкен Майғазиев желі қолданушыларына өмірлік кеңес берді, деп хабарлайды turkystan.kz .
Оның айтуына қарағанда, қиналып жүрген адам жағдайын ешкімге айтпауы керек.
«Шаршадым», «Мазам болмай жүр», «Түнімен ұйықтай алмай шықтым», «Проблемам бітпей кетті» деген сөздерді сөздік қорымыздан алып тастайық. Өйткені біреудің басындағы ауыртпалықты біреу дәл сол адамдай сезіне алмайды. Ғалымдар зерттеулері мынадай статистикаға сүйене отырып, мынадай кеңес ұсыныпты: «Проблемаңды ешкімге айтпа. Олардың жартысына қызық болмаса, қалғаны қуануы мүмкін. Иван Тургеневтің: «Қандай қиындықта да күмәнсіз басыңды сүйейтін екі иық бар, екеуі де – өзіңдікі» деген екен», – деп жазған әнші Сәкен Майғазиев.