Азия чемпионаты: Сәкен Бибосынов жартылай финалға шыға алмай қалды

6 желтоқсан, 2024 / Інжу Әлихан
ҰОК
Бибосынов турнир аясында алғашқы жекпе-жегін ширек финалдан бастаған еді.

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (51 келі) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өте алмады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бибосынов турнир аясында алғашқы жекпе-жегін ширек финалдан бастаған еді. Алайда ол жарысты жалғастыра алмады. Асылбек Жәлілов төрешілердің шешімімен жеңісті суырып алды.

Айта кетейік, 6 желтоқсан күні, 48 келі салмақ дәрежесінде Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды.

Тэгтер:

бокс Сәкен Бибосынов Азия чемпионаты 2024