Бишімбаевтың адвокаты медальмен марапатталды

6 желтоқсан, 2024 / Інжу Әлихан
коллаж: Тurkystan.kz
Марапатты Ерлан Ғазымжановқа Адвокаттар коллегиясы төрағасының орынбасары Игорь Вранчев табыс етті.

Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов Қазақстан Республикасының адвокаттар коллегиясынан «Кәсіпқойлығы үшін» медалімен марапатталды.

Марапатты Ерлан Ғазымжановқа Адвокаттар коллегиясы төрағасының орынбасары Игорь Вранчев табыс етті.

«Бұл марапат – менің күш-жігерім мен жетістіктерімді мойындалғанының белгісі ғана емес, сондай-ақ адамдардың құқықтары мен еркіндігін қорғаудағы жұмысымды одан әрі жалғастыруға деген ынталандыру», - деді құқық қорғаушы.

Еске сала кетейік, Игорь Вранчев атышулы Бишімбаев сотында Нүкеновтер отбасының құқығын қорғаған болатын.

Тэгтер:

Медаль марапат Қуандық Бишімбаев адвокат