Астанада кісі өлтірген Тәжікстан азаматы ұсталды
Ол Тәжікстанда тойда болған кезінде қонақтардың бірімен жанжал кезінде оған дене жарақатын салып, өлтірген.
«Учаске» оператив-профилактикалық іс-шарасы барысында Астана қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген тәжікстандықты ұстады, деп хабарлады turkystan.kz полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі жыл бұрын 34 жастағы ер адам Тәжікстанда тойда болған кезінде қонақтардың бірімен жанжал кезінде оған дене жарақатын салған, зарап шеккен адам салдарынан қайтыс болған.
Ер адамның пробациялық бақылауда болғаны анықталды, бірақ 2023 жылы ол елден шығып кеткен. Биыл қарашада оған халықаралық іздеуге жарияланды. Кейін полицейлер оны Астанадағы сауда орталықтарының бірінде тауып, қамауға алды.