Елордада автокөлік шиналарын жою цехында өрт шықты
Өрт жалпы 500 шаршы метр аумақты қамтыды
Астана қаласының Сарыарқа ауданында Көктал көшесінде орналасқан автокөлік шиналарын жою цехында түнде өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Жалын резеңке бұйымдарды, жабдықтарды және ғимараттың шатырындағы ағаш құрылымдарды шарпыған.
«Өрт сөндірушілердің жедел әрі кәсіби әрекеттері арқасында өрттің ауыр зардаптарының алдын алу мүмкін болды. Олар ғимарат ішінен бірінен соң бірі екі газ және екі оттегі баллонын шығарып, жарылыс қаупін жойды. Өрт жалпы 500 шаршы метр аумақты қамтығанымен, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің себебі анықталуда», - делінген хабарламада.