Азия чемпионаты: Ұлжан Сәрсенбек қарсыласын нокдаунға түсіріп, жартылай финалға шықты
Ұлжан Сәрсенбек бұл біріншіліктің ширек финалында вьетнамдық Нгуен Хуен Чанға қарсы кездесу өткізді.
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Ұлжан Сәрсенбек Чиангмайдағы (Таиланд) бокстан Азия чемпионатында 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатыр.
Ұлжан Сәрсенбек бұл біріншіліктің ширек финалында вьетнамдық Нгуен Хуен Чанға қарсы кездесу өткізді. Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің бірыңғай шешімімен (5:0) жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. Кездесудің екінші раундында Ұлжан Сәрсенбек қарсыласын нокдаунға түсіріп, есеп ашқан болатын.
Айта кетейік, 5 және 6 желтоқсанда жарыстың қалған салмақ дәрежелері бойынша ширек финалдық кездесулер өтеді. Ал жартылай финалдық жекпе-жектер 9 желтоқсанда, ал финалдық кездесулер 11 желтоқсанда өтеді деп жоспарланған.