Алматыда 2025 жылы тағы 100 мектеп автобусы сатып алынады
Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы Мәслихатының алдағы сессиясында 2025-27 жылдарға арналған бюджеттің тиісті жобасын қарау жоспарлануда. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Еске сала кетейік, Алматы қаласының «Мектеп автобусы» жобасы Қазақстанда алғаш рет 2023 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша іске қосылған болатын.
Жобаның екінші кезеңі аясында ағымдағы жылы оқушыларды тасымалдау үшін қосымша 100 автобус сатып алынды. Осылайша, қазір 200 автобусты 51 мектепте 9 мыңнан астам бала тасымалдайды. Келесі жылы жобаны жалғастырып, тағы 100 автобус сатып алу жоспарлануда.
Автобустар шалғай және жету қиын аудандарда тұратын балалар оқитын мектептерден өтінімдер түскен сайын маршруттарға шығады. Бұл- мектеп автобустары бөлінетін басымдықтардың бірі. Әр мектеп үшін оқушылардың тасымалдануын қамтамасыз ету үшін егжей-тегжейлі маршруттық парақтар әзірленді.