«Ішкі істер министрлігінен»: Төреғали Төреәлінің күйеубаласы марапат алды
Спортшы жеке парақшасында жаңа марапатқа ие болғанын мәлім етті.
Әнші Төреғали Төреәлінің күйеу баласы, джиу-джитсудан қазақстандық күресші Дархан Нортаев марапатталды.
Спортшы – танымал әнші Төреғали Төреәлінің күйеубаласы, қарындасы Фаризаның жолдасы. Спортшы жеке парақшасында жаңа марапатқа ие болғанын мәлім етті.
«Ішкі істер министрлігінен алғыс хат алдым», – деп жазды Дархан Нортаев.
«Қазақ полициясы» бейнебаян түсіріп, полицияның оң имиджін қалыптастыруға, қоғамдағы беделін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс жариялаймыз», – делінген мәтінде.