Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Королін Ұлттық мерекемен құттықтады

5 желтоқсан, 2024 / Админ
Aqorda
Мемлекет басшысы Маха Вачиралонгкорнға жеделхат жолдады.

Қазақстан Президенті жеделхатында Таиланд Корольдігінің халықаралық аренада және әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өтті.

Сонымен қатар Президент Таиланд Корольдігімен дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін жеткізді.

 

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Тайланд