Астанада «Менің отбасымның тарихы – Отанымның тарихы» атты фестиваль өтті

5 желтоқсан, 2024 / Админ
«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» РММ
Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді ояту, ұлттық салт-дәстүрді сақтау.

ҚР ПІБ Президенттік орталығында Тәуелсіздік күніне арналған «Менің отбасымның тарихы – Отанымның тарихы» атты жыл сайынғы дәстүрлі шежіре фестивалі өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Іс-шара ҚР ПІБ Президенттік орталығымен Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып, баланың әлеуметтік-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, өзара тиімді қарым-қатынас жасау мақсатында, отбасылық құндылықтарды сонымен қатар рухани мәдениетті сақтау және дамыту, отбасылық және ұлттық дәстүрлерді жаңғырту үшін оқушылардың отбасыларымен бірге өткізілді.

ҚР ПІБ Президенттік орталығы директорының міндетін атқарушы Серік Сыдықов өзінің құттықтау сөзінде, осындай іргелі істің бастауы болып, дайындалған әрбір отбасыға алғысын білдірді.

«Бүгінгі шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді ояту, ұлттық салт-дәстүрді сақтау», – деді С.Сыдықов.

Фестиваль барысында астаналық балабақша тәрбиеленушілерінен жеті жанұя өз отбасылары мен «Жеті ата» шежіре ағаштарын шығармашылық үлгіде ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша:

Барлық қатысушы дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болды.

Балабақша меңгерушілері мен тәрбиешілеріне ҚР Президенттік орталығының алғыс хаттары табыс етілді.