Теннисші Елена Рыбакина ең бай әйел спортшылардың тізіміне енді
Ол биыл 7,9 миллион доллар табыс тапқан.
Елена Рыбакина Sportico порталының рейтингінде 14-орынға жайғасты. Ол биыл 7,9 миллион доллар (3,9 млн доллары сыйақы және 4 миллион доллары демеушілер есебінен) табыс тапқан. Бұл теңгеге шаққанда шамамен – 4,1 млрд теңге.
2024 жылдың қорытындысы бойынша топ-15 ең бай әйел спортшылар:
1. Кори Гауфф (АҚШ) — 30,4 млн доллар;
2. Эйлин Гу (АҚШ) – 22,1 млн доллар;
3. Ига Швентек (Польша) — 21,4 млн доллар;
4. Чжэн Циньвэнь (Қытай) — 20,6 млн доллар;
5. Арина Соболенко (Беларусь) — 17,7 млн доллар;
6. Наоми Осака (Жапония) — 15,9 млн доллар;
7. Эмма Радукану (Ұлыбритания) — 14,7 млн доллар;
8. Нелли Корда (АҚШ) – 14,4 млн доллар;
9. Симона Байлз (АҚШ) – 11,1 млн доллар; 10. Кэйтлин Кларк (АҚШ) – 11,1 млн доллар;
11. Жасмин Паолини (Италия) — 10 млн доллар;
12. Джино Титикул (Таиланд) – 9,1 млн доллар;
13. Джессика Пегула (АҚШ) — 8,2 млн доллар;
14. Елена Рыбакина (Қазақстан) — 7,9 млн доллар;
15. Лидия Ко (Жаңа Зеландия) – 6,7 млн доллар.